"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында АЭА қатысушысы "Fiberglass Tank Production" ЖШС жобасы іске қосылды

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Т. Орынбасаровтың, жергілікті уәкілетті органдардың, мұнай-газ, мамандандырылған, сервистік және өзге де компаниялардың басшыларының қатысуымен АЭА қатысушысы "Fiberglass Tank Production" ЖШС жобасы іске қосылды (пайдалануға берілді) . Жобаға сәйкес құрылыс және мұнай-газ салаларында пайдаланылатын дайын шыны талшықты бұйымдар, желім және герметик өндірісі көзделген. Жобаның жалпы құны 80 жұмыс орнын құрумен 1,0 млрд. теңгені құрайды, жобаның қуаттылығы жылына 50,0 мың текше метр шыныпластикалық бұйымдар және 3,0 мың тонна желім мен герметик.

"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 183